Алматыда 500 теңгеге тамақтануға болатын орындар бар. 7kun.kz тілшісі Алматыны аралап, қай жерден 500 теңгеге тамақтануға болатынын біліп қайтты.
1) «Қағанат» кафе, асханалар желісі. Мұнда сиыр еті қосылған палауды 410 теңгеге алуға болады. Үй лағманы – 505, Тұшпара – 430 теңге. Ең қызығы, әкім айтқандай шетелдіктерге 500 теңгенің тамағын алу керек болса, «Қағанаттың» 450 теңгелік асылған етін ұсынуға болады.
[caption id="attachment_79045" align="alignnone" width="800"] Фото: Panoramio[/caption]2) «Узбечка» кафесі, асханасы. Алматылық студенттердің сүйікті асханасына айналған бұл жерден 500 теңгеге түскі ас ішуге болады. 240 теңгеге салаттан бастап, 350 теңгеге манты, палау, және кез келген түрдегі сорпаға тапсырыс бере аласыз.
[caption id="attachment_79044" align="alignnone" width="810"] Фото: voxpopuli.kz[/caption]3) «Besh» кафесі. Аса танымал емес бұл кафеде 400 теңгеге вареники, 430 теңгеге тауық етінен жасалған котлет алуға болса, манты, сәбіз бен пияз қосылған орама және сорпаның барлық түрлерін 500 теңгеге сатып ала аласыз. Ал, кәуапқа 400-550 теңге аралығындағы бағаға тапсырыс берсеңіз болады. 500 теңгемен барсаңыз қанағаттанарлықтай тамақтанып келесіз.
[caption id="attachment_79046" align="alignnone" width="830"] Фото: Restolife.kz[/caption]4) «Центр плова и шашлыка» кафесі. Бұл жерден 400-590 теңге аралығындағы кәуап қана емес, 490 теңгеге үй кеспесін, 590 теңгеге лағман сатып алуыңызға болады.
[caption id="attachment_79047" align="alignnone" width="701"] Фото: google.com[/caption]5) «Мимино» рестораны. Бұл жердің бағалары Алматы қаласы әкімінің «500 теңгелік ас» туралы сөзін растайды. Ресторанда 390 теңгеге сорпа пен 420 теңгеге үй кеспесіне тапсырыс беруіңізге болады.
[caption id="attachment_79051" align="alignnone" width="960"] Фото: AlmatyRestoran.kz[/caption]6) «Тандыр» кафесі. Бұл жерге 500 теңгемен барсаңыз қалаған кәуабыңызға тапсырыс бере аласыз. Кәуап бағалары 450 теңгеден басталады.
[caption id="attachment_79057" align="alignnone" width="900"] Фото: Restolife.kz[/caption]7) «Арбуz» кафесі. Қалтаңыздағы 500 теңгеңізбен бұл жерге дәмді вареники жеуге барсаңыз болады.
[caption id="attachment_79058" align="alignnone" width="800"] Фото: 2gis.kz[/caption]Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024