Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыдағы «Апорт» молында жаңа «Магнум» ашылды

Алматыдағы «Апорт» молында жаңа «Магнум» ашылды

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – «Апорт» молының жаңадан салынған ғимаратының бір жақ қанатын «Магнум» толығымен алып жатыр. Дүкеннің сауда алаңы 7,3 мың шаршы метр, жұмысшылар саны – 485 адам.

Гипермаркеттің салтанатты ашылуы барысында, Magnum Cash&Carry компаниясының директоры Александр Гарбер, бұл «Магнум» желісінің ең үлкен дүкені екендігін айтып өтті. «Мұндағы тауар түрлері өзге дүкендерімізге қарағанда анағұрлым көп. Ал, сауда жасау бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсті. Біз бағаның төмендігін ұстанып қала береміз және көптеген акциялар мен жеңілдіктерді жоспарлап отырмыз. Сатып алушылармен адал әрі сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастыра беретін боламыз. Өнімнің сапасын қатаң қадағалаймыз, оның ішінде өз өнімдерімізді. Біздің гипермаркеттің ашылуы – бұл мүдделес үлкен команданың атқарған еңбегінің нәтижесі. Жұмыстың бірлесіп реттелгендігі үшін Апорт компаниясының басшылығына алғысымды білдіргім келеді», -деді ол.

Жаңа гипермаркетте қолжетімді бағадағы 30 мың тауардың атауы бар. Сауда дәлізінде үлкен тақырыптық аймақтар орын алған. Оның әрқайсысы жеке арнайыландырылған дүкен іспетті: балаларға және үйге арналған тауарлар, жануарлардың қорегі және т.б.

Фуд-аймақта Алматыдағы ең үлкен тамақтану өнімдерінің түрлері ұсынылған. Мәселен, дәмдеуіштің өзі ғана ұзын-сонар сөрені алып жатыр. Ал, тосап пен бал ағаш бөшкемен тұр, әрі өлшеніп сатылады.

Апорттағы «Магнумның» өз өнімдері де рекордтық көрсеткішке ие. Швейцариялық құрылғымен жабдықталған наубайхана нанның 45 түрін шығарады. Олардың қатарында ашытқымен және ашытқысыз жасалғандары да бар. Оған қоса печенье, торт пен пирожныйдың 50 сұрыбы ұсынылған.

Сауда дәлізінде кофе, ыстық тоқаш сатып алып, сол жердегі үстелде ауқаттануға болады. Сонымен қатар осы жердегі тандыр пешінен ыстық нандарды алуға болады. Аспаздар суши мен роллыны келушілердің көзінше әзірлеп береді. Аспаздық мәзірінде көптеген жаңа тағамдар бар, ең бастысы – пекин үйрегі.

Гипермаркетте «Магнумның» сатып алушыларға ыңғайлы барлық фирмалық ерекшеліктері сақталған: тегін автотұрақ, сауда дәлізінде бақылау өлшеуіш құралы мен прайсчекер, сатып алушылар тәуліктің кез-келген уақытында «ыстық желіге» қоңырау шала алады. Сонымен қатар, жақы арада кіре беріске дүкен директорымен тікелей байланысқа шығатын телефон қойылады.

 

Похожие материалы