Алматыда жүгіруден көктемгі жарыс өтеді

36
1200
Фото: worldsmarathons.com

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылы 16 наурызда Баум тоғайында «Алматы марафонына» дайындық шеңберінде маусымның екінші сөресі – жүгіруден көктемгі жарыс өтеді.

Жарысқа қатысатын 1 200 әуесқой жүгіруші екі қашықтыққа жүгіреді: 13 км (негізгі) және 3 км (балалар қашықтығы).

Абсолютті есептегі жеңімпаздар мен өз жас санаттарында алғашқы үш орынға ие болған жүгірушілерге алқалар мен сыйлықтар табысталады. Әр мәреші естелік алқаларға ие болады.

Биылғы маусымдық жүгіру жарыстарының басты ерекшелігі – төрт жарысқа (Қысқы, Көктемгі, Жазғы, Күзгі) қатысу нәтижесі бойынша бір пирамидаға жинай алатын мәрешілер алқасының болуы.

Айта кетейік, «Алматы марафоны» шарасына дайындық аясында әр сенбі сайын сағат 10:00-де Тұңғыш Президент Саябағында ашық жаттығулар өтеді. Қатысу тегін.

Көктемгі жүгіру жарысының ұйымдастырушылары – «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Ал жарыстың бас серіктесі – Kaspi.kz.