Алматы. 27 сәуір. 7kun.kz - Атын атағасы келмеген алматылық пен белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік 10 жастағы қызға баспана сыйламақшы, - деп хабарлайды "Диапазон" басылымна сілтеме жасаған Tengrinews.kz .
"Зардап шеккен қызға үй салып беруді жоспарладық, бірақ кейіннен жақсы екі қабатты үй алып беруді шештік, - деп келтіреді кәсіпкердің сөзін басылым. - Біз үлкен әрі әдемі, 159 шаршы метр аумақты қамтитын үйді қарастырдық. Оны сатып алып, Махаббаттың отбасына сыйлағымыз келді. Үйге жиһаздарды, кір жуғыш машинаны, теледидар мен басқа да техниканы апардық. Бірақ Ақтөбе әкімдігіндегілер сол аумақтағы жер учаскесінде тұруға болмайтынын, яғни, үй өзенге тым жақын орналасқандықтан бас тартып отыр. Алайда үй биік және ол өзеннен алыс орналасқан. Енді басқа үй іздеп жатырмыз. Осы істі соңына дейін тындырып, қызға баспана сыйламақшымыз".
Баспана сатып алуға жұмсалатын ақшаның үлкен бөлігін алматылық кәсіпкер бөлген және ол өз есімін көрсетпеуін сұраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024