«Алтын орда» үшін талас: Базардың бұрынғы басшысы мәлімдеме жасады

Фото: 7kun.kz

«Базарды күшпен тартып алды. Нақты кімдер екені белгісіз. Бар үмітім тек президентте». Дәл осындай мәлімдемені Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС директоры Данияр Әбдіғапаров таратты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Алтын Ордада студент кезімнен бастап жұмыс істеймін. 2000 жылы осы «Алтын Ордаға» контролер болып жұмысқа кірген едім. Ол кезде менің жасым 19-да болды. Алтынбек Әлпиев менің басшым болды, сол басшының қызметінде істедім. Алтын Орданы басып алу тексерістен басталды. Келді, тексерді, бәрін түсіндірдік, көрсеттік. Енді білесіздер, жұмыс болғандықтан шатаспайтын адам жоқ! Жүмыста әрбір адам шатасуы мүмкін. Мүмкін көп затты үлгере алмай қалған шығармыз. Бірақ ол көрсеткен затын бәрін орындап, бәрін орнына келтірдік. Налогын да төледік. СЭС-тің де жағдайын жақсарттық. Өрт қауіпсіздігін де дұрыстадық. Бүкіл жағын! Қаншама мекеме келді, сол мекеменің жұмысының бәрін атқарып, тиянақты орындадық. Таза бандитизм орын алды. Ол жаққа көбі Қырғызстаннан келді, Мен біле алар емеспін, олар қызметкерлер ме? Бейдждары жоқ, есімдерін айтпайды. Олар келіп алып тек ақша сұрайды. Жаңа әкімшіліктің жұмыс істеп жатқанына 8 күн болды. Ешқандай зертханалық зерттеусіз. Лаборатория бар, оларды қуып жіберді, баға көтерілді, халық ашулы… Осы күнге дейін наразылық жалғасуда. Оларды тоқтатуға менің күшім жетер емес», — деп мәлімдеді Данияр Әбдіғапаров.