Альянс Банк қаңтардың аяғында ForteBank деп атауын өзгертеді

645
Альянс Банк қаңтардың аяғында ForteBank деп атауын өзгертеді

Альянс Банк 2015 жылдың қаңтарының аяғына дейін атауын ForteBank деп өзгертетін болды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

«2014 жылдың 30 желтоқсанындағы Альянс Банк акционерлерінің жалпы жиналысында «Альянс Банк» АҚ өкілетті мемлекеттік органда қайта тіркеуден өткен соң Альянс Банкті ForteBank деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Өзгертудің енгізілетін уақыты шамамен 2015 жылдың қаңтар айының аяғы», — деп айтылған Банк хабарламасында.

Банк өкілдері компания атауы өзгерген соң Альянс Банк реквизиттері мен тұтынушылардың есепшоттарының нөмірлері өзгеріске ұшырамайтынын жеткізді.

«Қажет болған жағдайда банк атауының өзгертілгені туралы тұтынушымен келісімге қол қоя аламыз», — дейді Банк тарабы.

2014 жылдың қарашасында Альянс Банктың директоры Тимур Исатаев Альянс Банк, Темірбанк және ForteВank 2014 жылдың аяғына бірігетіні туралы хабарлаған болатын.