Америкалық миллиардер қайырымдылық қорына 18 млрд доллар аударды

Джордж Сорос
Фото: utmagazine.ru

Нью-Йорк. 18 қазан. 7kun.kz —  Америкалық танымал қаржыгер және миллиардер Джордж Сорос Open Society Foundations қорына 18 миллиард долларды табыс етті, деп хабарлайды қордың өкілдеріне сілтеме жасап Wall Street Journal.

Енді Open Society қордың көп бөлігін Сорос басқарады. Сонымен қатар, Билл мен Мелинда Гейтс қорынан кейін АҚШ-тағы екінші ірі қайырымдылық ұйым болуы ықтимал.

Қор 40 ұйымның желісі арқылы түрлі елдердегі босқындарға, денсаулық сақтау және азшылық ұлттарға қолдау көрсетеді.

Сорос қорға тиесілі қаражатпен сауда жасауды жоспарламаған.

87 жастағы Сорос қайырымдылықпен айналысуды 1979 жылы  бастаған. Сонымен бірге, 1984 жылы Венгрияда университеттер мен кітапханаларды қолдау үшін қор құрған.