НЬЮ-ЙОРК – Бірнеше апта бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп және оның кеңесшілері Сауд Арабиясының Иранды Таяу Шығыстағы терроризм ошағына айналды деп айыптауына қосылды. АҚШ Конгресі болса Иранға қарсы санкциялардың тағы бір раундын дайындап жатыр. Ал Иранды, Сауд Арабиясының Королі Салман айтып өткендей, жаһандық терроризмнің «авангарды» ретінде бейнелеу қате іс ғана емес, сонымен қатар аса қауіпті, себебі ол Таяу Шығыста жаңа соғысқа әкелуі мүмкін.

Шын мәнінде, Иранның Ислам мемлекет (ISIS) қарсы Америка Құрама Штаттарымен бірдей жақта екеніне қарамастан, кейбір АҚШ ақылшылары осындай мақсаты көздейтіндей болып көрінеді. Тағы бір факт бар: Иранда, өз аймақтық қарсыластарына қарағанда, іс жүзінде демократия бар. Ең қызығы, Иранға қарсы АҚШ және Сауд риторикасының ушығуы 19 мамырдағы сайлаудан екі күн өте сала басталды, ал ол сайлауда Хасан Рухани қатаң саясатты қолдаған қарсыластарын жеңген.

Мүмкін Трамп үшін, Сауд, Иранға қарсы ұстаным тек жай ғана тағы бір бизнес жоба шығар. Ол Сауд Арабиясының АҚШ-тан 110 млрд долларға жаңа қаруды сатып алу шешімін «жаңа жұмыс орындарын құрайтын» мәміле ретінде сипаттады, американдық жұмысшылар үшін табыс табудың жалғыз жолы соғысты тудырту дегендей. Сондай-ақ Сауд жаугершілігін жылы қолдауының артында Трамп және оның отбасы үшін қандай жеке мәмілелер бар екенін ешкім білмейды.

Трамп әкімшілігінің Иранға қарсы сөздері үйренішікті істің жалғасы болып табылады. АҚШ-тың сыртқы саясаты ақылға сыймайтын, қайғылы, және өте жойқын шетелдік соғыстармен қаптаған, олар еш нақты мақсаттарға бағытталмай, тек ресми насихаттаудың жалған ойларын іске асырудан тұрады. Вьетнам, Ауғанстан, Ирак, Сирия, Ливия, Йемен және басқа да көптеген мағынасыз жанжалдарға Американың пайдасыз және өте қымбат жұтылып кеткенін қалай түсіндіруге болады?

Американың Иранға қарсы суық қабағы осы елде 1979 жылғы Ислам революциясынан басталған. АҚШ жұртшылығы үшін, радикалды ирандық студенттер ұстауында 444 күн бойы АҚШ елшілігінің қызметкерлерінің болуы әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан психологиялық соққы болды. Тұтқындарға қатысты драмалық тақырып басынан аяғына дейін АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарында басым болып, 9/11 теракт шабуылынан кейін орын алғанға ұқсас қоғамдық жарақаттан кейінгі стресске апарды.

Көптеген американдықтар үшін сол кезде де, қазір де тұтқындар дағдарысы — және шын мәнінде Иран революциясының өзі — нағыз күтпеген жағдай болды. Бірнеше Америкалықтар ғана Иран төңкерісі, ЦРУ және Ұлыбританияның MI6 барлау агенттігінің 1953 жылы, елдің демократиялық жолмен сайланған үкіметін құлатып, ұлттандыру қаупінің астында болған Иран мұнай өндірісін англо-америкалық бақылау астында сақтау мақсатымен Иран шахы астында полициялық мемлекет орнатуды ойластырған жоспарынан кейін ширек ғасырдан соң болғанын түсінеді. Сондай-ақ, көптеген американдықтар тұтқындар дағдарысының тақтан тайдырылған шахқа медициналық емделу үшін АҚШ-қа келуге мүмкіндік берген ақылсыз шешім салдарынан болғанын да түсінбеді, себебі көптеген ирандықтар бұл шешімді олардың революциясы үшін қауіп ретінде қарастырды.

Рейган әкімшілігі барысында АҚШ химиялық қаруды қолданған Иракты оның Иранға қарсы сұрапыл соғысында қолдады. Ал 1988 жылы осы қақтығыс аяқталған кезде, АҚШ Иранға қарсы қаржы және сауда санкцияларын сақтап қалды. 1953 жылдан бастап, АҚШ Иранның жауларына әскери қолдау көрсету, 1953-79 жылдардағы авторитарлық басшылықты қолдау және ұзақ жылдар бойы санкцияларды сақтау арқылы жасырын түрде Иранның өзін-өзі басқару және экономикалық дамуына қарсы шығып келеді.

Американың Иранға қарсы шығу себебінің бірі оның «Хезболла» және «Хамас» атты Израильдің екі әскерилендірілген қарсыластарын қолдау болып табылады. Мұнда да, тарихи контекстті түсіну маңызды болып табылады.

1982 жылы Израиль палестиналық әскерлерді жою үшін Ливанға басып кірген. Бұл соғыстан кейін, және де Израиль жасаған мұсылмандарға қарсы қырғынның салдарынан да, Иран оңтүстік Ливанды Израильдің жаулап алуына қарсы құрылған шиіт «Хезболласының» қалыптасуын қолдады. Израиль өзінің бастапқы шапқыншылығынан 20 жылдан кейін, 2000 жылы Ливаннан кеткен уақытта, «Хезболла» Ливандағы қаһарлы, әскери, саяси және әлеуметтік күшке айналды, және Израильдің жанына біткен тікендей болды.

Иран, сондай-ақ, Израильдің бар болу құқығын жоққа шығарған «Хамас» сүннит тобын қолдайды. 1967 жылы соғыста басып алынған Палестина жерлерінің Израиль оккупациясының онжылдығы және тұйыққа тірелген бейбітшілік келіссөздер салдарынан, «Хамас» «Фатхты» (Палестинаны азат ету ұйымының саяси партиясы) Палестина парламентінің 2006 жылғы сайлауында жеңді. «Хамасппен» келіссөздер жүргізудің орнына Израиль мен АҚШ 2014 жылы Газа қаласындағы қатыгез соғыс сияқты жолдармен оны жоюға тырысты. Мұның бәрі сансыз Палестина тұрғындарының мерт болуы, қайғы-қасірет, үйлер мен инфрақұрылымға миллиард долларға тең залалға апарып, ешқандай саяси прогресске апармады.

Израиль, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасын өмір сүруге қатер ретінде қарастырады. Ымырасыз жолды қолдаған израильдіктер АҚШ-ты бірнеше рет Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауға, немесе, кем дегенде Израильге осылай жасауға мүмкіндік беруге сендіруге тырысты. Бақытымызға орай, Президент Барак Обама осындай қысымға төтеп берді, және оның орнына ол Иран мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшелерінің (және Германия) арасындағы келісімге қол жеткізді. Бұл келісім Иранның ядролық қару қолдануына он немесе одан да көп жылға жолын жауып, және екі ел арасында одан әрі сенім құруға қадам басуға екі жақтан да кеңістік ашты. Дегенмен қазір Трамп және саудтар осы маңызды және болашағы зор келісім арқылы жасаған қатынастарды қалыпқа келтіру мүмкіндігін жоймақшы.

Сыртқы өкілеттіктер ымыраға келу арқылы шешуге болатын ащы ұлттық немесе дінаралық жанжалдарда, бір жақты таңдап немесе өзін айлаға салуы үлкен ақымақтық болып табылады. Израиль-Палестина қақтығысы, Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы бәсекелестік, және сүннит-шиит қарым-қатынасы — мұның барлығы өзара ымыраға келуді талап етеді. Бірақ осы қақтығыстардағы әрбір жақта АҚШ (немесе кейбір басқа да ірі держава), оның атынан соғыста күресетін болса, ымыра қажетінсіз түпкі жеңіске жетуге болады деген қайғылы жалған ойы бар.

Өткен ғасырда, Ұлыбритания, Франция, АҚШ пен Ресей Таяу Шығыста өз ойындарын жасай алды. Олардың барлығы өмір, ақша, және беделін шашып бітті. (Шынында да, Кеңес Одағын Ауғанстандағы соғыс ауыр әлсіретті, бәлкім оның жоюлуына да сол апарған шығар.) Қазір бізге демонизацияның тағы бір кезегі және жанталасқан қару жарысына емес, ымыраға назар салатын дипломатия дәуірі қажет.

Автор туралы: Джеффри Д. Сакс — Колумбия университетінде тұрақты даму мәселелері профессоры, денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының профессоры, және Тұрақты Даму орталығының директоры болып табылады. Ол сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдер желілерінің директоры болып қызмет атқарады.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org