Апта басында теңгенің орташа бағамы төмендеді

11
Фото: city01.kz

Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz — Бүгін KASE-дегі сауда-саттық кезіндегі екі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларына шаққанда теңгенің орташа курсы жұмамен салыстырғанда 0,6% немесе 2,23 теңгеге төмендеп, $1-ға шаққанда 378,29 теңге болды.

Жұма күні $1-376,06 теңге болған еді.

«Евразийский Капитал» АҚ сарапшысы Әли Сағындықовтың айтуынша теңгенің құнсыздануы ішкі факторларға байланысты.

«Ұлттық банктің эмиссиялық және валюталық резервті толықтыру әрекеті әсер еткен сияқты. Рубльдің қазіргі курсында теңге 1 долларға 383 теңге деңгейінде әлсіреуі мүмкін. Осы аптаны  $1 – 373-376 теңге деңгейінде аяқтаймыз», — дейді Ә.Сағындықов.

Ал Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі директорының орынбасары Жаннұр Ашигалидің айтуынша, қысқа мерізімде теңген бағамы аса көп өзгермейді. Ал ұзақмерзімді жағдайда АҚШ валютасының құны өсуі байқалуы мүмкін.

Бүгінгі күннің ресми бағамы $1-376,06 теңге.

15 қаңтар күні ресми курсты анықтаудың тәртібіне сәйкес 378,29/$1 құрайды.