Украина. 10 мамыр. 7kun.kz – АҚШ президенті Джо Байденнің жұбайы Джилл Байден Украинаға келді, деп хабарлайды 7kun.kz.
АҚШ-тың бірінші ханымы 8 мамырда Ужгород қаласында Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленскаямен кездесті.
Euronews хабарлауынша, АҚШ президентінің жұбайының Украинаға келуі жоспардан тыс сапар болған. Осыған дейін ол Румыния мен Словакияда болған еді.
Оны Украинада ел президентінің әйелі Елена Зеленская өзі жеке қарсы алды.
«Украин халқына бұл соғысты тоқтату керектігін, оның қорқынышты екенін және АҚШ халқы Украина халқымен бірге екенін көрсетуді маңызды деп санайтынын», – деді Джилл Байден.
АҚШ бірінші ханымы Украинада екі сағат ғана болып, қайтадан Словакияға оралды. Сол күні Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да Украинаға жоспардан тыс сапармен келіп, Киев облысындағы Ирпен қаласына барды.
Қала әкімі инфрақұрылымды қалпына келтіруде Канаданың қол ұшын созатынына сенім білдірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024