Ақышев: «7-20-25» — әлеуметтік бағытына қарамастан, ипотекалық бағдарлама ретінде саналады

Ақышев
Фото: ://krisha.kz

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — «7-20-25» бағдарламасы биыл шілдеде іске қосылды. Қазақстан азаматтары жылдық 7%-дық мөлшерлемемен, 20% бастапқы жарнамен және 25 жыл мерзімге баспана сатып ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында баяндамамен сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

«Біріншіден, әрбір адам баспананы бағдарламада айқындалған өлшемшарттар бойынша таңдауға тиіс. Екіншіден, қатысушы  банкке келіп, кредит алуға өтініш беру керек. Үшіншіден, ресми түрде расталған кірісі болуға және меншік құқығында баспанасы болмауға тиіс», —  деп еске түсірді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Ақышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 7 банк өтінім қабылдайды, олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық Банк, Халық банкі және ForteBank.