Арыстықтарға несиені уақытша төлемеуге рұқсат берді

108
Fitch
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Халық банкі Арыс қаласының барлық тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша сыйақыны есептеуді тоқтатты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Арыс қаласында Халық банкінің қарыз алушыларының саны 3,6 мың адамды құрайды, олардың жалпы қарыз сомасы 3,3 млрд теңгеден астам.

Банк басшылығы Арыс қаласындағы Halyk Bank қарыз алушыларына (жеке және заңды тұлғаларға) қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеу үшін алты айға (2019 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін) мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Арыс қаласындағы банк бөлімшесінде 1 млрд теңгеден астам сомаға берілген банк клиенттерінің қарыздары бойынша сыйақы есептеу тоқтатылды.