Қаржы пирамидасын қалай тануға болады?

1203
қаржы
Фото: myfin.by

Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанда 23 қаржы пирамидасының әрекетіне тоқтау салынды. Алаяқтардың кесірінен 5 мыңға жуық адамға 1 млрд теңгеден астам теңгеге залал келген. Алаяқтарды қалай тануға болады?7kun.kz қаржы пирамидаларын қалай тануға болатынын ұсынады.

«Пирамидашылардың» құрбаны болмас үшін бұл «қаржы институтының» негізгі белгілерін білу қажет. Ең алдымен, жоғары пайыздық табысқа уәде беретін ұйымдарға, олардың қызметкерлердің уәделеріне сенудің қажеті жоқ. Компания ұйымдастырушылардың құпиялылығы мен лицензиясының жоқ екендігін де назардан тыс қалдырмаңыз. Қаржы пирамидалары көп жағдайда қатысушылардан коммерциялық құпияны жарияламау туралы қолхат алады. Қандай жағдай болмасын мұндай құжаттарға қол қоймаңыз. Ең бастысы, ақшаңызды барынша қауіпсіз жерде сақтауға тырысыңыз.

пирамида

Нұрбақыт ХАЛИ