«Астана» банкін тарату уақытша тоқтатылды

тарату
Фото: kazgazeta.kz

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы сотының «Астана» банкін мәжбүрлеп тарату туралы шешіміне апелляциялық шағым берілді. Осыған байланысты қаржы институтын тарату туралы шешім уақытша тоқтатылды, — деп хабарлайды abctv.kz.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпараты бойынша, шағымдар 6 заңды тұлға мен 3 азаматтан келіп түскен.

Айта кетейік, қор «Астана» банкінің 275 мыңнан астам салымшысына ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша толық көлемде өтемақы төлейді. Оларға қайтарылатын қаржының жалпы көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды.