Астана мен Дели арасында әуеқатынас орнатылады

Астана

Астана. 30 маусым. 7kun.kz — 2 шілдеден бастап Астана-Дели-Астана бағытында аптасына 3 рет Airbus A320 және Embraer 190 әуе кемелері ұша бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер төмендегі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт):

Апта Күндері Бағыт және рейс № Ұшу уақыты Келу уақыты
ДсБс Астана-Дели КС241

Дели-Астана КС242

07:20

12:00

10:55

17:00

Жс Астана-Дели КС249

Дели-Астана КС250

20:35

01:10+

00:10+

06:10

Астанадан Делиге ұшу ұзақтығы 4 сағат 5 минут, ал Делиден Астанаға 4,5 сағат.

Дели жолаушылары Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Стамбулға және басқа да қалаларға Астанада арқылы ыңғайлы жол жүре алады.

Астана-Дели бағытындағы экононом кластағы әуе билетінің ең төменгі құны (барлық салықтарды қоса алғанда) 89 883 теңгені құрайды.

Айта кетейік, Алматы мен Дели арасындағы әуеқатынас 2004 жылдың 4 қыркүйегінде орнатылды. Осы уақыт ішінде 470 мыңнан астам жолаушы, 5 мың тонна жүк пен 4 тонна пошта тасымалданды.

Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша 2017 жылдың алғашқы 5 айы ішінде 33 343 жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% -ға жоғары.

2017 жылдың 5 шілдесінен бастап Астана-Дели-Астана бағыты бойынша барлық рейстер Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа терминалы арқылы қабылданып жіберіледі.

Билеттерді сату кеңселері мен airastana.com сайтынан сатып алуға болады.