Астанада 80 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алды

«Нұрлы жер»
Фото: rb7.ru

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Астаналық отбасылар «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында «Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілтін алды.

Кілттерді тапсыру салтанатты рәсіміне Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов және «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхаметжанов қатысты.
Жалға берілетін пәтерлерді Астана қаласы әкімдігінде кезекте тұрғандар алды – олар көп балалы отбасылар, 1-2-топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа да азаматтар.
Қоныстанушыларға Лепсі көшесі, 44 үй мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 4,3 мың ш.м. болатын тұрғын үйден 80 пәтер берілді. Оның ішінде: 25 – бір бөлмелік, 41 – екі бөлмелік, 14 – үш бөлмелік пәтер бар. Объект Есілдің сол жағалауында орналасқан, жанында мектеп, жекеше балабақшалар, қалалық емхана және балалар ауруханасы бар.
Ай сайынғы жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 839 теңгені құрайды. Барлық пәтерлер кезекте тұрғандарға әрленген күйінде тапсырылды. Олар толықтай қоныстануға дайын, үйлерге қажетті коммуникациялар жүргізілген. Бастапқы жарна және артық төлем жоқ. 20 жыл өткеннен кейін пәтерлер жалдаушылардың меншігіне өтеді.
Жаңа жалдаушыларға сөйлеген сөзінде «КИК» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Мұхаметжанов қоныстанушыларды құттықтады және Мемлекет басшысының қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуы турасындағы тапсырмасын орындаудың маңыздылығы туралы айтты:
«Нұрлы жер» мембағдарламасының маңызды міндеттерінің бірі азаматтардың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту болып табылады. Соңғы 4 жыл ішінде үлкен жұмыс жасалдыБүгінде «Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша салынған пәтерлерде шамамен 18 мыңнан астам отбасы тұрып жатырОсыншама әсерлі деректер – барлық тараптан жоспарланған жұмыстардың сәтті нәтижесі мен тиімділік көрсеткіші», — деді Әділ Мұхаметжанов.
«Кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты Мемлекет басшысы бастамалық еткен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бөлігі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ бағдарлама операторларының бірі болып табылады.