Астанада ауыр жүкті көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді

Астанада ауыр жүкті көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілді

23 наурыз бен 1 мамыр аралығында дара осіне түсетін жүктеме 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін Астана арқылы қозғалуға шектеу енгізіледі деп хабарлайды BNews.kz.

«Жыл сайын 23 наурыз бен 1 мамырдың аралығында дара осіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін қозғалу шектеулері енгізіледі. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының республикалық маңызға ие автомобильдік жолдарымен қозғалуды ұйымдастыру кезінде дара осіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін қозғалу шектеулері енгізіледі, IV жол-климаттық аймақ үшін қозғалысты жыл сайынғы уақытша шектеу әрекетінің мерзімі — сәйкес жылдың 23 наурызы мен 1 мамырының аралығы, V жол-климаттық аймағы үшін — сәйкес жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірінің аралығы«, — деп мәлімдеді Астана бойынша көлік бақылау инспекциясы.

IV жол-климаттық аймақта орналасқан облыстар: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы (Қарағанды ауданы), Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы.

V жол-климаттық аймақта орналасқан облыстар: Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған ауданы), Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жоғарыда айтылған Ережені бұзған жағдайда жүргізушілерге әкімшілік шаралар қолданады, ҚР ӘҚБК сәйкес мынадай көлемдегі айыппұлдар салынуы мүмкін: жеке тұлғалар үшін — 50-200 АЕК, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін — 100-800 ЕАК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 200-1000 АЕК.