23 наурыз бен 1 мамыр аралығында дара осіне түсетін жүктеме 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін Астана арқылы қозғалуға шектеу енгізіледі деп хабарлайды BNews.kz.
"Жыл сайын 23 наурыз бен 1 мамырдың аралығында дара осіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін қозғалу шектеулері енгізіледі. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының республикалық маңызға ие автомобильдік жолдарымен қозғалуды ұйымдастыру кезінде дара осіне түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдары үшін қозғалу шектеулері енгізіледі, IV жол-климаттық аймақ үшін қозғалысты жыл сайынғы уақытша шектеу әрекетінің мерзімі - сәйкес жылдың 23 наурызы мен 1 мамырының аралығы, V жол-климаттық аймағы үшін - сәйкес жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірінің аралығы", - деп мәлімдеді Астана бойынша көлік бақылау инспекциясы.
IV жол-климаттық аймақта орналасқан облыстар: Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы (Қарағанды ауданы), Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы.
V жол-климаттық аймақта орналасқан облыстар: Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған ауданы), Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024