Астанада азық-түлік бағасы 1,1 пайызға қымбаттады

Астана. 13 маусым. 7kun.kz — Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы — 1,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлар — 1,4 пайызға өсті, ақылы қызметтердің тарифтері 0,2 пайызға төмендеді. Бұл туралы Астана қалалық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылғы мамырда жарма — 2,9%-ға, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері — 2,1%-ға, консервіленген сүт — 1,9%-ға, тоқаш пен ұннан әзірленген кондитерлік өнімдер — 1,4%-ға, балық пен теңіз өнімдері — 1,3%-ға, сүт өнімдері — 0,5%-ға, ашытылған сүт өнімдері — 0,4%-ға, ет, алкогольсіз сусындар — 0,3%-ға, ірімшік пен сүзбе бағалары 0,1%-ға көтерілді. Сонымен қатар, жұмыртқа — 2,5%-ға, қара байха шайы — 1,3%-ға, құмшекер — 0,8%-ға, күнбағыс майы — 0,6%-ға, май мен тоңмай — 0,3%-ға, тауық бағасы 0,1%-ға төмендеді.

Жармалар тобында арпа жармасы — 8,9%-ға, мәни жармасы — 6,6%-ға, сұлы жармасы — 6,1%-ға, тары 2%-ға қымбаттады. Көкөністерден, басты пияз — 85,3%-ға, сәбіз — 45,9%-ға, қызылша — 42,4%-ға, картоп — 29,7%-ға қымбаттап, аққауданды қырыққабат — 63,5%-ға, қияр — 25%-ға, қызанақ 19,7%-ға арзандады.

Жуу және тазарту құралдары — 5,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер — 3,8%-ға, тұрмыста және бақша өсіруде пайдаланылатын құралдар мен техника — 2,5%-ға, шыны ыдыстар, асханалық аспаптар мен үй әбзелдері, жеке бас күтіміне арналған өзге де заттар, аспаптар мен тауарлар — 2,1%-ға, тұрмыстық приборлар — 1,5%-ға, киім мен аяқкиім — 1,4%-ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдар — 1,1%-ға, автомобиль 0,7%-ға қымбаттады. Бензин 0,5%-ға қымбаттап, дизель отыны 0,5%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында негізгі емес тұрғын жайды жалға алудың нақты жалдау төлемі — 15,4%-ға, тұрғын жайларды ағымдағы ұстау мен жөндеу қызметтері — 1,1%-ға арзандап, экскурсия мен демалыс жолдамалары 16%-ға қымбаттады. Алыс жолға қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігінің тарифтері — 7,7%-ға, алыс жолға жүретін жолаушылардың автомобиль көлігінің қызметтері — 2,9%-ға, жолаушылардың әуе көлігінің қызметі 1,3%-ға артты.