Астанада екі ресейлікті хостелде ұрып-соғып, тонап кеткен

Астана. 18 қазан. 7kun.kz Астанада екі ресейлік хостелде соққыға жығылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Астана қаласы ПД хабарлауынша, хостелд тұрып жатқан адамдардың бірігіп көңіл көтеруінен кейін төбелес шыққан, оның ішінде екі ресейлік болған. Оларды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған.

Екі күдікті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, заттай айғақтар тәркіленді.

Айта кетейік, 1 қазанда Оралда мас ресейліктер төбелесіп, сот шешімімен елден шығарылған болатын.