Астанадағы электронды жол ақысы осы жылы енгізіледі

641

Астана. 22 қаңтар. 7kun.kz — Астана қаласының Есіл ауданы әкімі Сәбила Мұстафина тұрғындармен кездесу барысында электронды жол ақысын енгізу жұмыстары қолға алынатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге арналған жолақтар салынады.

Елордада қоғамдық көлікке арналған арнайы Bus Line жолақтары қосылмақ. Осы жылы Тұран даңғылы, Достық көшесі, Қонаев көшесі, Қабанбай батыр даңғылында аталған жолақтарды қосу жоспарда бар.

Астана LRT басқарма төрағасы Талғат Ардан электронды билет беру туралы сұраққа әлі толық жүзеге асырылған жоқ деп жауап берді.

«Электронды төлеу жүйесіне қатысты айтар болсам, Мәскеу мен Алматыдағы жағдайды бақылап отырмыз. Олардың қателіктерін қайталамауымыз керек. Сол себепті жоба бойынша ақырындап техникалық мәселелерді шешумен айналысудамыз. Көктем не жаз айында жүйе күшіне енетін болады», — дейді Ардан.