Астық өңдейтін кәсіпорын «Дамудың» қолдауымен несиеге қол жеткізген

«Дамудың»
Фото: «Даму» АҚ баспасөз қызметі

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі компаниялардың бірі — «Ертегі» ЖШС күніне 40 тонна дайын өнім шығарады.

«Ертегі» ЖШС негізінен ұнның жоғары сапалы түр-түрін өндірумен, астық пен астық қалдықтарын сату, дәнді-дақылдар сатып алу, кептірумен айналысады. Соның ішіне экспорттау да кіреді. 2011 жылы кәсіпорын өзінің коммерциялық жұмысын астық пен ұнды сатудан бастаған еді. Ал 2012 жылы өз қаражатына диірмен кешенін сатып алды. Одан кейін астықты темір жол көлігімен қабылдап, сақтап және тиеу мақсатында силос, электронды темір жол және автомобильді таразы құрылғылары жасалынды. Темір жол тұйығы болуы тиеуді анағұрлым жеңілдетті. Өнімге деген сұранысты есепке ала отырып, компания 2014 жылдан бастап өз өндірісін жаңартуды ұдайы жүзеге асырып келді.

2017 жылы кірісті арттыру мақсатында компания өздерінде кептіріп, астық тазалау үшін қабылдау көлемін арттыруға шешім қабылдады. Бұл жоба бойынша астық кептіретін және астық тазалайтын құрылғы сатып алу қажет еді. Бұл мақсатқа мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын алу үшін «Ертегі» ЖШС «Даму» Қорына жүгінді. Аталған инвестициялық жобаға «Сбербанк» АҚ ЕБ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының 50%-дық кепілдігімен 90,0 млн теңге несие берді. «Даму» Қоры несиенің 45,0 млн теңгесіне кепілдік берді. Қаражатта аралас толқынды астықты шахталық кептіргіші және элеваторға қажетті құрылғылар – силос, нориялар, тізбекті конвейер, барабан типті астықты тазалаушы құралдар сатып алынды. Осының арқасында нәтижесінде кәсіпорын өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтты және шығын қаражаттарын азайтты, ал ол өз алдына кәсіпорынның даму динамикасы мен экономикалық тиімділігінің өсуіне жақсы әсерін тигізді.

«Ертегі» ЖШС-нің диірмен құрылғысы ұнның жоғарғы және бірінші сұрыптағы ұнмен кәсіпорынды қамтамасыз етеді. Күніне 40 тонна дайын өнім шығарылады. Бірінші сұрыпты ұн «Сказка», ал жоғарғы сұрыпты ұн «Алтын» деген брендпен шығарылады, өндірілетін ұн 50 кг көлемді қаптарға салынады. Ұннан басқа кебек пен астық қалдықтары да іске асырылады. Ұн өндіруші үшін қажетті астық бидайларын сатып алу Солтүстік Қазақстан облысының тауарөндірушілерінен жүзеге асырылады. Өндірілетін ұн Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан мен Қырғызстан елдеріне сатылады.