Мэт Хэйг “Брендингтің ең ірі қателіктері. Сауда таңбасының тарихындағы ең шулы 100 сәтсіз оқиға” кітабында оқырманға ірі халықаралық компаниялардың маркетингтік қателіктерін нұсқай отырып, кішкентай қателіктің өзі үлкен сәтсіздікке ұшырататынын ескертеді. Назарларыңызға кітапта жазылған, халықаралық компаниялардың брендингке қатысты қызықты әрі күлкілі оқиғаларын ұсынамыз.

Hey, whats’up, Nigaz

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

2009 жылы “Газпром” корпорациясы Nigerian Petroleum Corporation деген Нигерияның мемлекеттік мұнай компаниясымен бірге Nigaz атты біріккен серіктестік орнатты. Nigaz атауы Nigeria және Gazprom сөздерінен туған. Бұл атау көпшіліктің арасында түсініспеушілік тудырды. Адамдар оны атақты реппер Снуп Догтың Nigaz атты өлеңімен шатастырып, әзілге айналдырды.

Chevrolet Nova

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Әлем бойынша әр “Шевролет” сатылымға шыққан алғашқы күнінен бастап көлік сүйер қауымның арасында аз мерзімді таралып кетеді. Алайда Chevrolet Nova испандық қалалардың бірде бірінде сатылмаған. Себебі Nova испан тілінде “жүрмейді” деген мағынаны білдіреді.

Gerber және Африка

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Африкалықтардың жартысынан көбі оқу мен жазуды білмейді. Сондықтан компаниялар осы елге тауарды экспорттау кезінде қаптамаға оның неден жасалғанын суретпен көрсетеді. Алайда “Gerber” компаниясы Африка нарығын дұрыс зерттемегендіктен, сыртында сәбидің суреті бейнеленген қарапайым өнімін аталған мемлекетке жөнелтіп, шығынға ұшырады.

Ayds артық салмақтан арылуға көмектеседі

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

1980 жылы бренд артық салмақтан арылуға көмектесетін кәмпиттер өндірді. 1981 жылы брендтің атауында бір әріптен қате жіберіліп, өнім AIDS атымен дүкендерге таратылды. СПИД ағылшына AIDS болып жазылады. Яғни тұтынушы оны СПИД тарататын өнім деп түсінген.

Braniff Airlines

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Әуе компаниясы өз қызметін жарнамалау кезінде қолаңсыз жағдайға тап болды. Негізінде Braniff Airlines ұшақтарының қарапайым орындығын былғарыға алмастырып, қызмет сапасын көтеруді көздеген. Алайда оның Fly in Leather (Былғарыда ұш) деген  жарнамасы Мексикада үлкен түсініспеушілік туғызды. Испан тіліне аударғанда тіркес “Жалаңаш ұш” дегенді білдіреді.

Chеvrolet Aveo vs Daewoo Kalos

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Көлік осы атаумен тек орыс тілінде сөйлейтін мемлекеттерде сатылады. Өзге елдерде ол Daewoo Kalos деп аталады.

Coca-cola немесе Kekoukele

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Coca-cola сөзі Қытайдың тайваньдық диалектісінде “балауыз ат” деген мағынаны білдіреді екен. Нақтырақ айтқанда сусын атауы осы тіркеспен бірдей айтылып, бірдей оқылады. Сондықтан компания қытайлық аудитория үшін брендтің атауын Kekoukele деген атқа өзгерткен.

Ғажап Bacardi Pavian

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Bacardi брендінің дәл осы өнімі көптеген мемлекетте күлкіге айналды. Pavian француз тілінде “ғажап” деген мағынаны білдірсе де әлемдік тілдердің басым бөлігінде ол “бабуин” деп аударылады.

Mazda Laputa

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Испан тілінде  “la puta”  деп “түнгі көбелектерді” атайды.

Ұсқынсыз Toyota Fiera

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

Фиера —  қазақ ертегілеріндегі жалмауызкемпірдің латиноамерикалық нұсқасы.

“Pepsi ұрпағымен өмір сүр”

Ат қоюдан жаңылысқан 11 халықаралық бренд 
Фото: bigpicture.ru

“Пепсидің” Come alive with the Pepsi Generation ұраны Қытай және Германияның нарығында сәтсіздікке ұшырады. Қытай тілінде ол “Пепси ата-бабаларыңызды қайта тірілтеді” деген мағынаны, ал неміс тілінде “Қабірден қайта тіріл” дегенді білдіреді.

Дереккөз: bigpicture.ru