Қазақ мұнай және газ институты сатылды

Қазақ мұнай және газ институты 7,5 млрд теңгеге сатылды. Бұл жөнінде «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС баспасөз қызметі хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ акцияларының барлығын сату туралы келісімге қол қойылды. Электронды сауда қорытындысы бойынша активтер құны — шамамен, 7,5 млрд теңгеге бағаланды», — делінген хабарламада.

«ҚМГИ» — 2002 жылы құрылған Қазастандағы ірі ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясы. Оның құрылымына 4 компаниядағы қатысым үлесі кіреді: «ҚМГИ  ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС-ның 100 пайызы, «КаспийМұнайГаз» ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясының 100 пайызы, «ҚМГИ біріккен инжинирингтік компаниясының» 50 пайызы және KPJV Limited 20 пайызы.

Естеріңізге сала кетсек, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 106 активі 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына жатады. Қазіргң таңда 57,4 млрд теңгеге 34 нысан сатылған.