Экономика
Қазақ мұнай және газ институты сатылды
Қазақ мұнай және газ институты 7,5 млрд теңгеге сатылды. Бұл жөнінде "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС баспасөз қызметі хабарлайды.
"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ еншілес компаниясы "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ акцияларының барлығын сату туралы келісімге қол қойылды. Электронды сауда қорытындысы бойынша активтер құны - шамамен, 7,5 млрд теңгеге бағаланды", - делінген хабарламада.
"ҚМГИ" - 2002 жылы құрылған Қазастандағы ірі ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясы. Оның құрылымына 4 компаниядағы қатысым үлесі кіреді: "ҚМГИ ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС-ның 100 пайызы, "КаспийМұнайГаз" ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясының 100 пайызы, "ҚМГИ біріккен инжинирингтік компаниясының" 50 пайызы және KPJV Limited 20 пайызы.
Естеріңізге сала кетсек, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының 106 активі 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына жатады. Қазіргң таңда 57,4 млрд теңгеге 34 нысан сатылған.