Қазақстан банк жүйесі 35%-дық теңге девальвациясына дайын емес

Қазақстан банк жүйесі 35%-дық теңге девальвациясына дайын емес

Қазақстандық банк жүйесі бір АҚШ долларына шаққандағы құн 250 теңге болатын жағдайға (35%-дық девальвация) дайын емес. Бұл туралы ресейлік «Жоғарғы экономика мектебі» ұлттық-зерттеу университетінің «Даму орталығы» институты жүргізген зерттеуде көрсетілген.

Шолуда келтірілген мәліметтерге сүйенсек, банк жүйесі активтердің ұлғаюын ескере отырып 10%-дық девальвацияға шыдас бере алады. Таза техникалық тұрғыдан алғанда, банктер 20%-дық теңге құнсыздануынан да аман өтуі мүмкін.

«Алайда, девальвация 20%-дан асып кетсе, банктерге болуы мүмкін шығын үшін қор ашуға тура келеді, себебі шетелдік валютадағы несие үлесі 30%-ды құрайды», — деп көрсетілген зерттеуде.

Сондай-ақ, шолуда Ұлттық банк теңге өтімділігіне қатысты мәселені шешкен күннің өзінде банк балансында мерзімі өтіп кеткен қарыздың айтарлықтай көлемде қалатыны жөнінде айтылған.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, рубльдың нығаюына байланысты Қазақстан билігі 15%-дық девальвация жүргізуі мүмкін (4 теңге/1 рубль, 210 теңге/1 доллар) және сайлаудан кейінгі монетарлық ведомство шешімі ары қарайғы жағдайдың өрбуіне ықпал етеді.

«Биліктің девальвацияны біртіндеп енгізіп, долларсыздандыру жүргізгеніне қарамастан, халық шетелдік валютаны жаппай сатып ала бастауы мүмкін. 2014 жылдың ортасындағы жағдайға оралуға мүмкіндік беретін айырбас курсы бір долларға шаққанда 250 теңгені құрайды. Алайда, бұл банк жүйесіне үлкен соққы беруі мүмкін. Сондықтан, бұған қарағанда жұмсақтау көрінетін 15% көлеміндегі девалвьация мен ары қарайғы теңгені еркін айналымға жіберу ойға қонымды көрінеді», — дейді сарапшылар.