Қазақстан Еуропаға көмір экспорттауы мүмкін

589
Қазақстан Еуропаға көмір экспорттауы мүмкін......

Бұл туралы «Республикалық кен өндіруші және кен-металлургиялық кәсіпорны» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді.

«2015 жылдан бастап қазақстандық экспорттық компаниялардың порттарға жеткізетін темір жол тасымалы үшін ішкі тарифтерді ала бастағаны Қазақстан үшін маңызды. Бұл біздің өнімдерімізді арзандатты. Енді біз Жапония мен Польшаға көмір жеткізе бастадық, әзірге сынақ партиялары ғана», — деп атап өтті ол Астанада өткен таулы -кен Орталық Азия МАЙНЕКС форумында.

Оның сөзінше, қазақстандық экспортерлер Еуропаға көмір жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Біз қазір еуропалық елдерге көмір жеткізу нұсқаларын қарастырып жатырмыз. Жартылай ресейлік нарық уысымыздан шығып бара жатыр. Басты сұрақ, әрине, темір жол тарифтері туралы болмақ, қазір тұтынушы төлеген бағаның үштен екісі тасымалдың тарифін құрайды. Сондықтан президенттің тырысуы арқылы ЕуразЭО келісім-шартында Ресейде жұмыс істей отырып, порттарға ішкі тарифтер арқылы баруға мүмкіндік беретін норма бар», — деп мәлімдеді Радостовец.

«Қазақстанның орасан зор көмір қоры бар. Экологиялық талаптар көмірді қолдануға мүмкіндік беріп тұрғанда пайдаланып қалу қажет. Менің ойымша, көмір саласында перспектива бар. Темір жол бағыттарын енгізіп, біз жіберген елдерден вагондардың қалай келетіндігін бақылау қажет. Бұл жерде өте көп сұрақтар бар, бірақ осы мүмкіндіктің пайда болуы — еуразиялық интеграцияның нәтижесі», — деді ол.