Қазақстан жиһазшылары 5 айда 17 млрд теңгеге тауар шығарды

191
жиһаз
Фото: itcult.ru

Алматы. 29 маусым. 7kun.kz — Қазақстандық жиһаз өндірушілері 16,7 млрд теңгеге жиһаз шығарды. 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,4%-ға артты.

Жиһаз шығаруда Аламты, Алматы облысы мен Павлодар облысы алдыңғы қатарда.  Алғашқы үштік Қазақстан бойынша өнімнің 53,3%-ын жасады.

Алматы облысында «Витрина Плюс» ЖШС, «Ariba» ЖШС, «Алма-Мебель» ЖШС, «ZETA» компаниясының бірнеше өндірістік формациясы, ал Павлодар облысында «Мерей», «Кристина» сынды фабрикалар жұмыс істейді.

Отырғыш пен металл тіректері бар орындықтар өнімі айтарлықтай артты (бір жылда +36,3%, яғни 424,9 мың теңге). Сонымен қатар, офистік ағаш жиһаздарды өндіру көрсеткіші де жоғарылады (жылдан жылға 10%, яғни 139,9 мың теңге).

Қазақстан аумағында импортқа тәуелділік дәл осы сегментте жоғары. Себебі асхана мен қонақ бөлмелеріне арналған ағаш жиһаздардың 88%-ы — шетел өнімі. Сауда ұйымдарының сегменті де 85,5%-ға импортқа тәуелді.