Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады

517

Қазақстанның энергетика министрлігінің сайтында бензин бағасының өзгеруі туралы бұйрық шықты.

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 маусымдағы Заңы 7-бабының 15) тармақшасына және 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне ҚҚС есебімен шектік бағалар белгіленді:

дизель отыны – бір литрі 99  теңге;

Аи-80 – бір литрі 89 теңге;

Аи-92/93 – бір литрі 108 теңге;

«Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады», — деп хабарлайды мекеме мамандары.