Қолма-қол ақшасыз төлем жасау транзакциялары 71 пайызға өсті

276
тенге
Фото: i.kapital.kz

Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде ақшасыз төлемдер айналымы 1,2 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 70,4 пайызға немесе 480 миллиардқа өскен. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-шілдесінде төлем карталарымен жасалатын операциялар саны 2016 жылмен салыстырғанда 70,9 пайызға (39,8 млн) өсіп, 95,9 млн транзакцияны құрады. Интернет арқылы жасалған төлемдер сомасы 3 есе өсті, яғни 269,6 млрд теңгеден 406,2 млрд теңгеге жетті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің өсімі бойынша Алматы қаласы бірінші орында. Мұнда 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде ақшасыз төлемдер сомасы 2016 жылмен салыстырғанда, 266 млрд теңгеге (80,7 пайыз) артып, 595,4 млрд теңгені құрады. Екінші орында Астана қаласы, мұнда айналым көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 67,7 млрд теңгеден (73,7 пайыз) 159,4 млрд теңгеге өсті.