Қазақстанда әскери робот жасалып жатыр

1198
робот
Фото: itc.ua

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан әскери роботтар жасап шығарады.

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында екі ғылыми-зерттеу институтымен бірігіп, арнайы орталық ашқандарын хабарлады. Ондағы мақсат әскери шеберлік пен қаруландырудың болашағы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу.

«Әскери-ғылыми орталығымыздың бірінші жобасы — ұшқышсыз ұшатын аппараттың үлгісін жасадық. Мен аппаратты көріп, оны әскери сынақтардан өткізуге бұйрық бердім. Олар қазір әскери роботтың жобасымен айналысып жатыр», — деді министр.

Сондай-ақ, ол жұмыс істеп жатқан ғылыми институттарда 16 ғылым докторы, 28 кандидат, 47 магистр бар екенін атап өтті. «Меніңше, қаржыландыруды ескеретін болсақ, олар осы бағыттағы жұмысты орындап шыға алады», — деді министр Сәкен Жасұзақов.