Басты бетке Қаржы Банк жаңалықтары Қазақстандағы банк секторын реттеуге 500 млрд теңге бөлінеді

Қазақстандағы банк секторын реттеуге 500 млрд теңге бөлінеді

ұлттық банк
Фото: nationalbank.kz

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы ірі банктерге қарыз береді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк Қазақстандағы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыруға арналған бағдарламасын таныстырды.

«Жобаны жүзеге асыруға ұлттық банк бюджетінен 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу қарастырылған», — деп атап өтті ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков

Бағдарлама бойынша негізгі жұмыстар алғашқы 5 жылда атқарылады. Оның мақсаты екінші деңгейлі банктерге кредит беру. Несиені басқа қарыздарын төлегеннен кейін өтейді.

Бағдарлама ерікті түрде жүзеге асады. Алғашқы келіссөздер тамыз айында бекітіледі. Бағдарламаға қатысу үшін жарғылық капитал көлемі кем дегенде 45 млрд теңге болуы керек. Қазақстанда бұл талапқа сай келетін 15 екінші деңгеейлі банк бар.

Алайда жеткілікті капитал жобаға қатысуға кепіл бола алмайды. Барлық шарттарды оператор банкпен жеке талқылайды. Банктермен қаржылық тұрақтылықты артыру туралы жоспар құрылатын болады. Кейіннен ұлттық банк тарапынан берілген қарыз толық көлемде қайтарылады.

Бағдарламаның соңғы міндеті 2022 жылға дейін қатысушы банктердің потенциалды қарыздарын жабу.

Еске салсақ, Қазақстанның банк жүйесін жандандыру туралы мәселе бірнеше рет талқыланған. Банк секторының қарыз портфелі 15,4 трлн теңге. Оның 11 пайызын мерзімі өтіп кеткен несиелер құрайды.