Қазақстандағы ең жоғары нан бағасы қандай?

Фото:Казинформ

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Осы жылдың қаңтарындағы есеп бойынша жоғары сорттағы ұннан жасалған нан бағасы келісіне орта есеппен 217 теңге тұрған. Бұл 2016 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,6% артық. Ал қара бидай ұнына жасалған нан бағасы 7%-ға яғни келісіне 122 теңгеге қымбаттаған.  Ranking.kz порталы осындай сараптама жариялады. 

Жоғары сапалы ұннан жасалған нан бағасының қымбаттауы ірі қалаларда байқалған. Ақтауда келісіне 287 теңге, Қызылордада келісіне 146 теңге тұрады. Ең жоғары баға өсімі Оралда байқалды. Нан бағасы келісіне 183 теңгеге дейін көтерілген.

Ал қарабидай ұны басқаларына қарағанда Астанада қымбаттаған, келісіне 251 теңге тұрады. Ең арзан баға — Қызылордада, келісіне 127 теңгеден.

Төменгі сортты ұннан жасалған нан Ақтауда қымбат тұрады, бір келісін 156 теңгеден сатып алуға болады. Тараз бен Шымкентте келісін 100 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал вермишель бағасы бір жылда 10,7% артып, орта есеппен келісі 252 теңгеден сатылатын болды. Кеспенің келісі — 394 теңге. Вермишельдің ең арзан бағасы Шымкентте — 211 теңге, Талдықорғанда — 192 теңге, ал Оралда 242 теңге.

Нан өндіру саласы толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етіліп отыр десек болады, өткен жылы елімізде сатылған нан өнімдерінің 92%-ы, макарон өнімдерінің 84%-ы қазақстандық кәсіпорындардан келген.