Қазақстандағы сұранысқа ие мамандар

Казахстан
Фото: Алау

HeadHunter зерттеу орталығының мамандары 2017 жылғы ең сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жасады.

Сарапшылардың пікірінше жақын арада сұранысқа ие мамандардың көш басындағы орынды IT қызметкерлері алады. Себебі қазірдің өзінде нарық жоғары мамандандырылған, сапалы жұмыс атқаратын қызметкерлерге тапшы. «Бүгінде IT-мамандарды даярлау дәрежесі төмен болғандықтан бизнесмендерге қызметкерлерді шетелден жалдаған әлдеқайда тиімдірек. Аталмыш қызметтегілердің сыртта жұмыс істейтіндігі ғана елдегі азаматтарға жұбаныш. Көптеген компаниялар  IT-мамандардың тапшылығының зардабын шеккендіктен түрлі IT-мектептер ашып, мамандарды өздері оқытып, болашақта шетелдік қызметкерлерді жұмысқа алуды тоқтатуды мақсат етіп отыр. Қазірдің өзінде айлығы 3 млн теңгеге дейін жететін жұмыс орындары бос», — деп HeadHunter сарапшылары атап өтті.

Сонымен қоса сауда-саттықпен және маркетингпен айналысатын қызметкерлердің де сұранысы жоғары болатының айтты. Бірақ аталмыш мамандық иелері сандық технологияларды қолдану арқылы жетістікке жете алатындарын ескере кетті. Бүгінде маркетологтарға google-analitics және SMM, sales қызметкерлер үшін CRM жүйесін білу маңызды.

Ал бухгалтер және администраторлардың қызметі нарықта сұранысқа ие болмайды. «Бүгіннің өзінде құжаттарды электронды нұсқаға көшіру басталып кеткен. Осындай жаңашылдықтың арқасында адамның қанша уақытын үнемдеуге болатының елестетіп көріңізші» ,- деп тұжырымдады зерттеуші мамандар.

Сарапшылардың сөзіне сенер болсақ алдағы уақытта техникалық маман тапшылығы болады. Дәлірек айтқанда, инженерия, құрылыс, қандайда бір өнімді өндіру және қайта қалпына келтіруде маман тапшылығы болады.

Antal Kazakhstan рекрутингтік компанияның менеджері Руслан Ибрагимовтың ойынша әдетте сұранысқа ие мамандықтар 2017 жылы тапшы болады. Дәлірек, қаржы қызметкерлері, сарапшылар т.б. мамандықтар биылғы жылы сұраныстан сырт қалмайды.

Еңбек нарығы бір орында тұрмайды. Кеше ғана сұранысқа ие мамандықтар бүгін өз өзектілігін жойып, орынына мүлде жаңа мамандық пайда болып жатыр.

ТМД елдеріндегі сұранысқа ие мамандықтар

ТМД елдеріндегідей әлемдік нарықта да сұранысқа ие мамандықтардың біріншілігін IT-мамандары алып тұр. Компьютерлі технологиялардың әлемі қарқынды дамып келеді. Ұсыныстар мен айлықтың көптігі IT мамандарды жұмысқа көптеп тартады. Зерттеуші мамандар IT-технологияға бағытталған мамандық кем дегенде 10 жыл сұраныста ие болады. IT мамандықтарының арасынан бірінші орынды иемденген веб-өңдеу. Дәлірек айтқанда, сапалы интернет-сайттармен және қосымшалармен жұмыс.

ТМД-ның ірі қалаларында веб-өңдеушілер 500-600 мың доллар, тәжірибелері барлар 1000 доллардан жоғары жалақы алады. Ең көп алатын NET және Java бағдарламаушылар. Алғашқысы Ресей мен Украинада танымал болса, екіншісі ТМД-ның өзге елдерінде бегілі. Сонымен қатар алғашқы үштікте Mobile және C++-программистері бар. Аталмыш мамандықта еңбекақы 500-3500 доллар көлемінде болады. IT-мамандықтың артықшылығы әлемнің кез келген нүктесінде фриланста жұмыс істеуге болатыны.

IT-мамандарымен қоса биотехнология, биомедицина, нанотехнология салаларында жұмыс істейтін қызметкерлер де сұранысқа ие.

Эколог мамандығы да аса танымал. Сонымен қоса дәрігерлер: анестезиологтар, психиатрлар, хирургтар сұранысқа ие. Энергетиктер мен химиктер де аталған мамандықтардан қалыспайды. Ал гуманитарлы бағыттағы мамандықтардан журналистер мен жарнама жасаушылар аса танымалдылыққа ие.

Айта кететін жайт бүгінде туризм саласындағы мамандар да жұмыссыз қалмайды. Себебі бүгінгі халық үшін шетелде демалу қалыпты жағдай.

Адина АНАРБЕК «7»