Қазақстандағы шағын көлемді кемелердің саны анықталды

Қазақстандағы
Фото: Водная техника
Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда су көлігіндегі оқиғалар саны айтарлықтай қысқарғанын байқауға болады. Егер, 2016 жылы 23 оқиға болса, 2017 жылы 8 оқиға тіркелген деп Инновация және даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

207 жылы Қазақстандағы кемелердің нашар техникалық жағдайы мен кеме жүзетін су жолдарын дұрыс күтіп-ұстамау  сияқты флоттағы апатқа себеп болатын проблемалар жойылып, су көлігі оқиғаларын болдырмауға қол жеткізілді.

Комитеттің аймақтық бөлімшелерінде 1885 шағын көлемді, 177 өзен және 93 теңіз кемелері тіркелді. Командалық кұрамның 109 мүшесі аттестациядан өтіп, 129 адамға диплом берілді.

Көлікті бақылау инспекциялары пайдаланымдағы 8574 кемені тексеріп, 1014 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған және 6237 техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, кеме жүзетін су жолдарының 13 мың шақырымнан астамы қаралып, 15 заң бұзушылықты жоюға нұсқамалар берілген.

Бүгінгі күні Қазақстанда 323 теңіз, 765 өзен және 19 мың шағын көлемді кемелер тіркелген. Кеме жүзетін су жолдарының ұзақтығы 4 мың шақырымды құрайды.