Қазақстанда жүргізушілерге жаңа куәліктер беріледі

Қазақстанда жүргізушілерге жаңа куәліктер беріледі

Ескі куәліктер олардың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады. 2015 жылдың 3 наурызынан бастап қазақстандықтар елдің барлық ТЕБ-тері мен арнайы ХҚО-ларында жаңа жүргізуші куәліктерін алып, ескілерін айырбастай алады деп хабарлайды Zakon.kz, ІІД Әкімшілік полиция комитетіне (ҚР ІІД ӘПК) сілтеме жасап.

«3 наурыздан бастап елімізде жаңа үлгідегі жүргізу куәліктері беріле бастайды. Олар куәлікті алғашқы рет алып жатқандарға, сондай-ақ ауыстырғысы келітіндерге беріледі. Ескі ЖК-ны жаңасына ауыстыруды ешкім талап етпейді. Сіздер пайдаланып жүрген ЖК-лер олардың әрекет мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. Еске сала кетейін, ЖК жарамдылық мерзімі — 10 жыл. Өзіңіздің ЖК жарамдылық мерзімін білген өте пайдалы, себебі сіз уақытында айырбастасаңыз (жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін), онда ЖЖЕ емтиханын тапсыру қажеттілігі тумайды. Егер сіздің ЖК мерзімі аяқталса, айырбастаған кезде сіз емтихан тапсыру арқылы ЖЖЕ білетіндігіңізді растауыңыз қажет болады», — деп жазады ҚР ІІД ӘПК баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Жаңа куәліктерде негізгі «A, B, C, D» санаттарымен қатар «BE, CE, DE» санаттары болады. Бұлар сәйкес көлікті тіркемемен жүргізуді білдіреді. Сонымен қатар алты қосымша санаттар енгізілді: «A1, B1, C1, D1, С1Е и D1E.