Қазақстанда жаз маусымында қосымша пойыздар жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз айларына қосымша жолаушылар пойызын қоспақ. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Жекелеп айтқанда, мына қосымша жолаушылар пойызы қосылмақ:

2 шілдеден 30 тамызға дейін №634/633 «Қарағанды-Жезқазған» бағытында жүрмек. Жиілігі — аптасына 2 рет;

17 шілдеден 28 тамызға дейін №61/62  «Алматы-2 — Арыс-1»  бағытында аптасына бір рет жүреді;

19 шілдеден бастап №453/454 «Алматы-1 — Аягөз» бағытында бекітілген кесте бойында жүреді;

Одан бөлек, №502/501 «Астана-Алматы-2» бағытындағы Тальгоның 23 вагонынан құралған бір реттік пойыз жүреді. Астана қаласынан 28 маусым күні 21 сағат 28 минутта шығып, Алматы-2 вокзалына 29 маусым күні 12 сағат 07 минутта келеді.