"Жолаушылар тасымалы" АҚ жаз айларына қосымша жолаушылар пойызын қоспақ. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Жекелеп айтқанда, мына қосымша жолаушылар пойызы қосылмақ: 2 шілдеден 30 тамызға дейін №634/633 "Қарағанды-Жезқазған" бағытында жүрмек. Жиілігі - аптасына 2 рет; 17 шілдеден 28 тамызға дейін №61/62 "Алматы-2 - Арыс-1" бағытында аптасына бір рет жүреді; 19 шілдеден бастап №453/454 "Алматы-1 - Аягөз" бағытында бекітілген кесте бойында жүреді; Одан бөлек, №502/501 "Астана-Алматы-2" бағытындағы Тальгоның 23 вагонынан құралған бір реттік пойыз жүреді. Астана қаласынан 28 маусым күні 21 сағат 28 минутта шығып, Алматы-2 вокзалына 29 маусым күні 12 сағат 07 минутта келеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024