Қазақстандық автокөліктер Қытай мен БАӘ нарығында сатылып жатыр

Фото: autostat.ru

Астана. 6 ақпан. 7kun.kz — Осы жылы 3,5 мыңға жуық қазақстандық Lada 4X4 автокөліктерін  сатылымға жіберу жоспарланып отыр. Бұл туралы «БИПЭК АВТО – Азия Авто» компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір Қытайға 100 шақты жол талғамайтын көліктер жіберді.  Тағы да 120 автокөлік ақпан айында жіберіледі. Олардың құнын зауыттың қытайлық серіктестері төлеп қойған. Осы жылдың екінші тоқсанында дейін 300 автокөлік жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.

2016 жылы Lada автокөліктерінің алғашқы партиясы Түркіменстан мен Қырғызстанға жіберілді. 50 жуығы Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталды.

«Қазір БАӘ айына 30 көліктен жіберіледі. Холдинг Ресей нарығында да өзіндік сату және сервис жүйесін дамытып жатыр»,-деп атап өтті компания баспасөз қызметі.

2017 жылдың басында «АвтоВАЗ» Lada-ның бөлшек бағасын ұсынылған бағадан 2-3 пайызға көтерген. Олардың айтуынша, Lada автокөліктерінің Қазақстандағы қазіргі бағасы ресейлік компанияның бағасына есепке ала отырып қойылды.

Еске салсақ, «БИПЭК АВТО» автобизнестен түсетін салық көлемі бойынша алдыңғы қатарда. Бес жылда автоөндіріс 145,9 млрд теңгеге жуық салық төлеген. Жалпы Lada автокөліктері сатылым бойынша Қазақстанда екінші орында тұр.