Қазақстандық банктердің ақпараттық ресурстарын қорғау күшейтілді

банктердің

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қазақстандық банктердің серверлеріне хакерлік шабуылдарының себебінен банктердің ақпараттық ресурстарын қорғау күшейтілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

«2017 жылдың 26 қыркүйегі мен 29 қыркүйегі аралығында Қазақстанның бірқатар екінші деңгейлі банктерінің интернет-ресурстарында «қызмет көрсетуден бас тарту» типті хакерлік шабуылдар 50-ден астам шет мемлекеттердің аумағынан жүргізілген. Оның ішінде АҚШ, Европа, Африка және Азия елдері бар. Қазіргі уақытта Қазақстандық банктердің ақпараттық ресурстарын қорғау жүйесі нығайтылды», — деп мәлімдеді комитет.

Айгүл Хожантаева