Қазақстандық «Евразия» сақтандыру компаниясы Ачинск МӨЗ апаты бойынша 75 млн теңге төледі

738
Қазақстандық

Қазақстанның «Евразия» сақтандыру компаниясы Ачинск мұнай өңдеу зауытындағы (МӨЗ) апат фактісі бойынша 75 млн теңге төледі деп хабарлады бейсенбі күні компанияның баспасөз қызметі.

Сақтандыру төлемдерінің, атап айтқанда 585 млн теңгенің одан әрі төленуін жалғастыру үшін компания сәйкес қорын қалыптастырды.

Залал мөлшері 1 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл соммаға жарылыс болған газды фракциенерлеу қондырғысын (ГФҚ) қалпына келтіру немесе жаңасын салу құны кіреді.

2014 жылдың 15 маусымында Ачинск МӨЗ-інің ГФҚ-сында К-401 қалқанды бағанасының қайта герметизациясы болған, содан соң ГФҚ өртенген.

«Ачинский НПЗ» ААҚ 1993 жылдың мамырында құрылған, Краснояр аймағындағы жалғыз мұнай өңдеуші зауыт. Зауытты 2007 жылы «Роснефть» сатып алған.