Қазақстанның инвестициялық тартымдығы 2018 жылы 48 пайыз болды

инвестициялық
Фото: Хабар 24

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz — Бүгін Алматыда өткен «Осознанный рост» сауалнамасы аясында өткен кездесуде «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС Еуразиядағы мәмілелерді қолдау тәжірибесінің жетекшісі Константин Елисеев Қазақстанда мемлекеттік басқаруды дамытудың басым міндеттері туралы айтып өтті.

Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық пен парақорлықпен күрес 2016 жылы 48 пайыз, 2017 жылы 64 пайыз, 2018 жылы 66 пайызды құрайды.

Елдің инвестициялық тартымдығы 2016 жылы 48 пайыз, 2017 жылы 46 пайыз, 2018 жылы 48 пайыз болды.

Барлық салалардағы заңның үстемдігі 2017 жылы 46 пайыз болса, 2018 жылы 41 пайызды құрады.

Болжалды макроэкономикалық орта 2016 жылы 54 пайыз, 2017 жылы 38 пайыз, 2018 жылы 34 пайыз болды.

Сондай-ақ, Қазақстандағы жылдам бейімделе алатын білікті мамандар 2016 жылы 33 пайыз, 2017 жылы 27 пайыз, 2018 жылы 28 пайызды құрады.

Сонымен қатар, тиімді салық жүйесі 2016 жылы 31 пайыз, 2017-2018 жылы өзгеріссіз 23 пайыз болды.