Азық-түлік өнімдеріне апталық мониторинг жасалды

1362
Азық-түлік өнімдеріне апталық мониторинг жасалды

«Казагромаркетинг» АҚ 2015 жылдың сәуір айының 7-14 аралығындағы азық-түлік бағаларының мониторингін жасады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бакалея өнімдерінің бағасы былайша өзгерді:

— арпа жармасы Астанада 133 теңгеден 115 теңгеге арзандады, яғни 14%-ға. Арзандау өлшемелі өнімнің жекелеген саудасы өсіп, көтерме саудасы 80 теңгеден 55 теңгеге азайды, 31%-ға;

— бидай жармасы Астанада 14%-ға қымбаттады. Бұрын 138 теңге болса, қазір 159 теңге/кг. Өнімдерді жеткізушілердің көтерме бағаны 30%-ға көтеруінің әсерінен, бидай жармасы қымбаттады. Көтерме бағасы 50 теңгеден 65 теңгеге көтерілді;

Ет өнімдері:

— шошқа еті Петропавл қаласында 10%-ға өсті, 900 теңгенің орнына 1000 теңге болып отыр. Бағаны төмендеу себебі — жеткізушілердің көтерме бағаны 10%-ға арзандатуы. Көтерме бағасы — 830 теңгеден 750 теңгеге төмендеді;

Сүт өнімдерінің бағасында айтарлықтай өзгеріс болмады.

Жеміс-жидек, көкөніс: 

— жүзім Астанада 831 теңгеден 920 теңгеге қымбаттады. Пайыздық көрсеткіші — 11%;
— қияр Астана қаласында 17%-ға арзандады. Бағасы —  480 теңгеден 400 теңгеге азайды;

— түйінді пияз Өскеменде 114 теңгеден 131 теңгеге қымбаттады, 15%. Астанада 13%-ға өсті, 106 теңгеден 120 теңгеге өссе, Алматыда 111 теңгеден 123 теңгеге өсті, пайыздық көрсеткіші — 11%;

— қырыққабат Ақтөбеде 55%-ға қымбаттады. 103 теңгеден 160 теңгеге өсті. Павлодар қаласында 10%-ға өсіп, 100 теңгеден 110 теңгеге қымбаттады;

— сәбіз бағасы Қарағандыда 96 теңгеден 108 теңгеге қымбаттады, 13%-ға өсті;

— қызылша Өскеменде 11%-ға қымбаттап, 117 теңгеден 130 теңгеге өсті;

— бұрыш бағасы Астанада 11%-ға өсіп, 644 теңгеден 718 теңгеге қымбаттады;

— мандариндер Ақтөбеде 314 теңгеден 383 теңгеге өсіп, 22%-ға қымбаттады;

Балық өнімдері:

— мөңке балық Ақтөбеде 250 теңгеден 285 теңгеге қымбаттады. Яғни, бағасы 14%-ға өсті;

— сазан Ақтөбеде 13%-ға қымбаттап, 425 теңгеден 480 теңгеге өсті.

«Казагромаркетинг» АҚ 2003 жылдан бері апта сайын азық-түлік өнімдерінің 66 түріне барлық облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалалары бойынша мониторинг жүргізіп келеді.