«Бәйтерек» холдингінің жаңа басшысы тағайындалды

«Бәйтерек»
Фото: arnapress.kz

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Айдар Арифханов «Бәйтерек» ұлттық холдингінің жаңа төрағасы болып тағайындалды. Бұрын ол холдингтің төрағасының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды LS.

— 1997-1998 жж. — Қаржы министрлігінің Сыртқы қарыз алу комитетінің Бағдарлама және әлеуметтік несие бөлімінің бас маманы;

— 03.1998-04.2004 — Қаржы министрлігінің бағдарламалық және әлеуметтік несиелер бөлімінің бастығы;

— 04.2004-2006 — Қаржы вице-министрі;

— 02.2006-11.2006 — Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары;

— 11.2006-05.2007 — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

— 01.2009-03.2009 — Премьер-Министр кеңесшісі;

— 03.2009-03.2010 — Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

— 2010-2011 ж.ж. «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры;

— 05.2011-11.2015 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;

— 11.2015-01.2017 жылдары — халық шаруашылығы вице-министрі;

— 2017 жылдан бастап «Бәйтерек» холдингі басқармасы төрағасының орынбасары.