БҒМ басшысы елдің білім беру жүйесіне қатысты сынды әділ деді

білім
Фото: sputniknews.kz

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Адам дамуының индексі бойынша он жыл бойы Қазақстан адами капиталдың өте жоғары деңгейі бар елдер тобына кірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Посткеңестік кеңістіктегі елдерде кадрларды даярлау жүйесі еңбек нарығының талаптарын қанағаттандырмайды, мемлекеттік реттеудің шамадан тыс деңгейде екендігі және оқыту ең алдымен академиялық сипатта екендігі туралы пікір бар. Шындығында, бұл сын әділ. Тәуелсіздік жылдарында бұл мәселені шешу үшін Қазақстан көптеген тәсілдерді қайта ойластырды», — деді министр.

Оның айтуынша, бүгінде біздің білім беруіміз жоғары адами капиталды дайындауға бағытталған. «Болашақ» бағдарламасы жарқын мысал болып табылады. 11 мыңға жуық стипендиат оқуды аяқтап, қазір Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуде.

Жалпы, БҒМ басшысының бағалауы бойынша республика халқы 100% сауатты, 95% бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.