Банк қызметкерлерінің туыстарымды мазалауы заңды ма?

12892
банк
Фото: creditzzz.ru

Сәлеметсіз бе? Мен несиемді төлей алмай жүргеніме 7 айдай болды, оған себеп жұмыстан шығып қалуым. Мен оларға жұмысқа тұрған бойда төлеймін деп айттым, олар менің банк карточкамды жауып тастады. Енді туыстарымды мазалап жүр. Олардың туыстарымды мазалауы заңды ма?

Жасұлан Жәрдемов, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Жасұлан, сіздің сұрағыңыз бойынша банк қызметкерлерінің несие құпиясын сізден басқа үшінші тұлғаларға жариялауы заңға қайшы әрекет, тіпті қылмыстық іс әрекет десе де болады. Себебі банк құпиясын жариялау қылмыстық кодексте көрсетілген арнайы бап, бұл бойынша прокуратура органына банк қызметкерлерінің үстінен шағым жазсаңыз болады.

Сонымен қатар банк сіздің картадағы шотыңызға бұғат қойғаны заңды өрескел бұзушылық болып табылады, бұл бойынша сотқа талап арыз жазсаңыз болады. Егерде бұл бойынша арыз жазуға көмек көрсету керек болса төмендегі телефон бойынша хабарлассаңыз болады.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.