Банктер коллекторларға 611 млрд теңгеден астам несие берді

582
621
Фото: dengi-kz.online

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда коллекторлық агенттіктерде 611,6 млрд теңгенің проблемалық несиесі бар. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 165 коллекторлық агенттік жұмыс істейді.

«2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сәйкес, талап ету құқығын беру бойынша шарттар аясында коллекторлардың теңгерімінде 248,5 млрд теңгеге 199 мыңға жуық қолданыстағы несиелік мәміле болған. Сондай-ақ, берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарттар — 363,1 млрд теңгеге 854,6 мың құжат. Жалпы берілген қарыз көлемі 611,5 млрд теңгеге жетті. Берешек құрылымында 99,7%-ы банктерге тиесілі», — деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы Ұлттық Банкке коллекторлардың әрекетіне қатысты 230 өтініш келіп түскен, бұл ретте осы жылдың алғашқы бес айында 157 өтініш қаралды.

«Өтініштердің кең тараған тақырыптарына келесі мәселелерді жатқызуға болады: берешектің бар екендігі туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беру; борышкерге қатысты теріс пиғылды әрекеттерді жүзеге асыру, клиенттің талабы бойынша коллекторлық агенттіктің өкілеттігін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін бермеу, борышкерге төлемдердің оңтайлы кестесін беруден бас тарту», — деп атап өтті Смоляков.

«Қыркүйек айынан бастап Парламент Сенатының алаңында Ұлттық Банк, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Қазақстан коллекторлар Одағы, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің басшылары ағымдағы проблемаларды талқылады, олардың қорытындылары бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша шоғырландырылған ұсыныстар әзірленді», — деді Смоляков.

Сонымен қатар, Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов Ұлттық Банкке борышкерлерді коллекторлардың заңсыз әрекеттерінен қорғау нұсқаларын ұсынды.

«Клиенттердің бәрі қауіп төнгенде немесе тіл тигізгенде қайда бару керектігін біле бермейді, сондықтан реттеушіге сенім телефонында көбірек ұсыныстар болуы керек. Бұдан әрі, қандай да бір коллектордағы борыштар бойынша мәліметтер. Сондай-ақ, Ұлттық Банкке мобильді нөмірлер туралы мәліметтерге қолжетімділікті ашу керек. Біз адамдарға қоңырау шалып, қорқыту хабарламаларын жіберіп, нақты қарызды талап ету фактісіне тап болдық. Осы ақпаратты ала отырып, реттеуші ақпаратты қай қызметкердің бергенін немесе оның үшінші тұлғаларға қалай берілгенін біле алады », — деп түйіндеді ол.