Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Баспаналы отбасы, ШОБ-ті қолдау, сапалы білім, салауатты өмір – Руслан Нұрбаевтың сайлауалды бағдарламасы

Баспаналы отбасы, ШОБ-ті қолдау, сапалы білім, салауатты өмір – Руслан Нұрбаевтың сайлауалды бағдарламасы

Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлы – Алматы қаласында туып-өскен, Наноматериалдар және нанотехнология маманы. 27 жасында PhD доктор және ХАҒА академигі атанған, Іскерлік басқару бойынша сертификат иегері. Өз идеясын ғылымға айналдырып,  Әлем банкі грантын ұтып, өндірістік мекеме ұйымдастырып, отандық өнім шығарған жас ғалым. Әсем қаламыз Алматының тұрғыны, 4 баланың ата-анасы №3 бірмандатты сайлау округінен үміткердің бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

БАСПАНАЛЫ БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ

2022 жылы елдегі тұрғын үй бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы көрсеткіштерімен салыстырсақ 15% құрады. Өткен 2022 жылы түрғын үй бағасы 26%-ға, тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу 15,3%-ға, ал бұл үшін қажетті материалдар 20,5%-ға қымбаттаған.

· Осыған байланысты, «АЛМАТЫ ЖАСТАРЫ» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында біріншілік және екіншілік тұрғын үй нарығында тұрғын үй сатып алуға жылдық жеңілдігі 5% - бен берілетін 18,0 млн. теңге қарыз суммасын көтеру мәселесіне атсалысатын боламын.

· Табысы төмен отбасыларға арналған «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» несиелендіру бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға жылдық жеңілдігі 2% - бен, несиенің ең жоғарғы суммасы 15,0 млн. теңгені құрайтын бағдарламаның несие суммасын көтеруді және бағдарлама талабы бойынша «тек жергілікті әкімдіктер арқылы салынған әлеуметтік несиелік тұрғын үйді» ғана емес, нарықтағы екіншілік тұрғын үйлерді де сатып алуға рұқсат беру мәселесіне атсалысатын боламын.

Жоғарыда айтылған мәселелер іске асатынына сенемін, өйткені Президентіміздің өз бағдарламасында келесі 7 жылдықта елімізде 111 млн. м2 тұрғын үй салынатын болады. Енді осы жоспардағы тұрғын үйлер жастарға, табысы төмен отбасыларға және күллі халыққа жетуіне атсалысу керекпіз.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Алматы Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне ең елеулі салымшысы болып табылады, оның үлесіне барлық кірістердің 25%-ы келеді. 2022 жылы Алматыдан мемлекеттік қазынаға аударылған жалпы сома 3,6 триллион теңгеге жетті. Бұл сумманың басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлік салығынан түскен қаржы. Осы мақсатта, кәсіпкерлікті дамытуды жан-жақты қолдауымыз қажет

· «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін - 2-ден 5 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беріледі. 2022 жылы осы бағдарлама аясында 1000-нан астам өтінім қабылданып оның 10%-ы ғана грант иегері атанды. Өйткені қала бюджетінде қарастырылған сумма тек осы 10% грант иегерлеріне жетті. Осыған байланысты, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қала бюджетін жоспарлауда бөлінетін қаржы суммасын көтеруге атсалысамын.

· Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап 21 мен 35 жас аралығындағы жастарға шағын және орта бизнеспен айналысуына 2,5 пайызбен 5-7 жылға мерзіммен 5,0 млн. теңгеге дейін кредит беріледі. Бұл мәселені біз біраз жылдар бойы мәжіліс және мәслихат депутаттарымен, қала басшылығымен кездесуде көтерген едік. Енді 2023 жылдан бастап іске асқалы жатыр. Осы бағдарламаның барлық салалардағы жастарға, талаптары оңтайландырылып жетілуіне атсалысатын боламын.

· Алматыда жұмыс істейтін әрбір оныншы адам – өзін-өзі жұмыспен қамтиды. Елдегі әрбір бесінші жұмыссыз жас Алматыда тұрады (14,4 мың адам). Қаланың жұмыспен қамту құрылымында 90,2% немесе 886,8 мың адам жалдамалы жұмыскерлер және 95,6 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады, олардың 47%-ы (45 мың адам) кәсіпкерлік саласына тиесілі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ете алатын, бірақ кәсіпкерлікпен айналысу үшін құрал-жабдықтардың жоқтығынан жұмыссыз азаматтардың арнайы шағын кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау болатын бағдарламалардың әзірленуіне бастамашы боламын.

САПАЛЫ БІЛІМ, САЛАУАТТЫ ӨМІР

2023 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтандырылады. Бұл үрдіс өткен жылдан бастап Алматы мектептерінде басталып кеткен еді. Уақыт өте келе, ата-аналар балаларының мектептен тегін тамақ жегісі келмейтінін, тағам сапасының төмендігі туралы айтып, бірнеше рет жауапты мекемелерге шағымданған болатын.

2022 жылы Қазақстанда жылдық мәнде инфляция 20,3% - ға жетті. Азық-түлік бағасының өсуі ең үлкен үлес қосуды жалғастырды, ол жылдық мәнде 25,3%-ға жетті.

Елдегі инфляциялық өсімге байланысты, мектептерде берілетін тегін тамақтардың сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы суммасын арттыруға және қадағалау іс-шарасына атсалысатын боламын.

· «Балалар оқулыққа толы ауыр сөмке тасуға мәжбүр деген шағымдар көптеп түседі. Бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан оқу материалдарын цифрлы форматқа ауыстыруды жеделдету қажет деп санаймын», – деді мемлекет басшысы Қ.Тоқаев. Мұның шешімі мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы кешенді шешімін табуға болады.

2023 жылы 400 мыңнан аса 1-сынып оқушыларын сервистік модель арқылы планшеттермен қамтамасыз ету Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жоспарында бар. Бастауыш сынып оқушыларын тегін планшеттермен және интернет желісімен қамтамасыз ету іс-шарасына атсалысатын боламын.

- Алматыда 2022 жылғы көрсеткіш бойынша 20,0 мыңға жуық оқушы орны тапшы болса, 40,0 мыңнан астам бала балабақшаға кезекте тұр. «Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» стратегиясына сәйкес 2025 жылға дейін 46,3 мың орынға 71 мектеп және қосымша құрылыс салу жоспарлануда, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 16,9 мың орындық 23 мектеп пен жапсаржай салу (2022 жылы – 9, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 4, 2025 жылы 5);

Аталған мектептердің құрылысы тапшылықты 68%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған барлық іс-шараға қатысып жас жеткіншектеріміздің сапалы білім алуына және білім объектілерінің құрылысы қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, оның ішінде қазіргі заманғы оқу жабдығы мен жиһаздың толық жиынтығын қолдана отырып, құрылыстың бірыңғай стандартын көздейтін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес іске асырылуына атсалысатын боламын.

Жалғасы бар...

Тапсырыс беруші Нұрлыбаев Р.Е

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрлыбаев Руслан Ерғалиұлының сайлау қорының қаражатынан төленді

Похожие материалы