«Бастау Бизнес» жобасы бизнес-жаттықтырушыларды іздейді

Бастау Бизнес

Алматы. 26 қазан. 7kun.kz — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға арналған «Бастау Бизнес» жобасының ауқымын кеңейтетіндіктен 2018 жылға бизнес-жаттықтырушыларды қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бизнес жаттықтырушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:

— 26 жастан асқан;

— бизнес-жобаларды бастауда, сүйемелдеуде тәжірибесі бар, ауылдық жерлерде жұмыс істеген болса құба-құп;

— бизнес-жоспарлау, қарылық үлгілеу негіздерін, маркетинг, нарықты зерттеу, бизнеспен айналысудағы мемлекеттік реттеу негіздерін білуі;

— кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, 15-тен 70 адамға дейінгі топпен де, жекелей де жұмыс істей білуі;

— ШОБ мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеке ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шаралары жайлы білуі;

— ауылдағы нарықтың ерекшелігі мен бизнестің негізгі түрлерін түсіну;

— жоғары коммуникативтік құзыреттілік, оның ішінде тәлімгерлік немесе жаттықтыру қабілеті, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу;

— өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекет органдар және жоба серіктестерімен топтасып жұмыс істей білу.

Сізден күтеді:

— кәсіби ыңғай, жобаға толықтай берілу;

— белсенді ұстаным мен ауылда ШОБ дамытуға қызығушылық;

— өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын болу, сондай-ақ жұмыс барысында өз әлеуетін әрдайым арттыру;

— лектер арасындағы қысқа демалыстарды ескергенде, үнемі оқу өткізілетін орында болу (аудан орталығы, ауыл).

Жобадан алатыныңыз:

— ұлттық деңгейдегі қызықты да ауқымда жобада жұмыс істеу тәжірибесі;

— қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылды қосқандағы мерзімге дейін ойластырылған және кәсіби даму;

Бизнес-жаттықтырушылардың ашық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:

1-кезең – түйіндеме, ынталандыру эссе жолдау;

2-кезең – бизнес-жоспарлау, қаржылық үлгі құрау бойынша біліктілікті анықтау үшін тәжірибелік тапсырманы орындау;

3-кезең – жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренингке шақыру/ кәсіби біліктілікті тестілеу арқылы дәлелдеу (алдыңғы кезеңдегі тестті тапсырғанда);

4-кезең – мамандар резервіне ілігу;

5-кезең – жобаға шақыру.

Егер қызығушылық танытсаңыз, түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com почтасына жолдаңыз болады.

Айта кетейік, оқыту жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып 2017 жылы еліміздің 80 ауданын қамтыды. 2018-2021 жылдары 160 ауданда бір айлық оқу курсын жүргізеді.