Алматы. 26 қазан. 7kun.kz - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік негіздерін оқытуға арналған «Бастау Бизнес» жобасының ауқымын кеңейтетіндіктен 2018 жылға бизнес-жаттықтырушыларды қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бизнес жаттықтырушыларға қойылатын негізгі біліктілік талаптары:
- 26 жастан асқан;
- бизнес-жобаларды бастауда, сүйемелдеуде тәжірибесі бар, ауылдық жерлерде жұмыс істеген болса құба-құп;
- бизнес-жоспарлау, қарылық үлгілеу негіздерін, маркетинг, нарықты зерттеу, бизнеспен айналысудағы мемлекеттік реттеу негіздерін білуі;
- кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар, 15-тен 70 адамға дейінгі топпен де, жекелей де жұмыс істей білуі;
- ШОБ мемлекеттік қолдау, оның ішінде жеке ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қаржылық қолдау шаралары жайлы білуі;
- ауылдағы нарықтың ерекшелігі мен бизнестің негізгі түрлерін түсіну;
- жоғары коммуникативтік құзыреттілік, оның ішінде тәлімгерлік немесе жаттықтыру қабілеті, тыңдаушылармен «кері байланыс» орната білу;
- өңірлік кәсіпкерлер палатасы, мемлекет органдар және жоба серіктестерімен топтасып жұмыс істей білу.
Сізден күтеді:
- кәсіби ыңғай, жобаға толықтай берілу;
- белсенді ұстаным мен ауылда ШОБ дамытуға қызығушылық;
- өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын болу, сондай-ақ жұмыс барысында өз әлеуетін әрдайым арттыру;
- лектер арасындағы қысқа демалыстарды ескергенде, үнемі оқу өткізілетін орында болу (аудан орталығы, ауыл).
Жобадан алатыныңыз:
- ұлттық деңгейдегі қызықты да ауқымда жобада жұмыс істеу тәжірибесі;
- қызмет көрсету келісімшарты бойынша тұрақты жұмыс (жоба 2021 жылды қосқандағы мерзімге дейін ойластырылған және кәсіби даму;
Бизнес-жаттықтырушылардың ашық іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
1-кезең – түйіндеме, ынталандыру эссе жолдау;
2-кезең – бизнес-жоспарлау, қаржылық үлгі құрау бойынша біліктілікті анықтау үшін тәжірибелік тапсырманы орындау;
3-кезең – жаттықтырушыларға арналған 5 күндік тренингке шақыру/ кәсіби біліктілікті тестілеу арқылы дәлелдеу (алдыңғы кезеңдегі тестті тапсырғанда);
4-кезең – мамандар резервіне ілігу;
5-кезең – жобаға шақыру.
Егер қызығушылық танытсаңыз, түйіндемеңізді cvbastau@gmail.com почтасына жолдаңыз болады.
Айта кетейік, оқыту жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып 2017 жылы еліміздің 80 ауданын қамтыды. 2018-2021 жылдары 160 ауданда бір айлық оқу курсын жүргізеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024